Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Көрісу деген не?

Дата: 12.03.2024 Рубрика: По родному краю
360
0
Көрісу деген не?
            Наурыздың бірінен (қазіргіше 14-інен) жас балаларды «ауылдағы қария адамға, өз әулетінің үлкеніне барып көрісіп кел» деп бағыттап отырады.
Соған орай ол үлкен кісінің үйі де: «Жыл келді ғой, ертең көрісуге балалар келіп қалар», — деп дастарқанын қамдап, үй ішін қонақ күткендей жинап отырады. Бұның наурыз көжеге, айтқа ешқандай қатысы жоқ. Таза жыл басындағы тұңғыш кездесу күні. Ақсақал адамдарға балалар ғана емес, жас жігіттер, ересек адамдар да барады. Балалар батасын алып, кәмпит, бауырсақ, құртын қолына ұстап, келесі үлкен үйге шығып кетсе, жігіттер немесе үлкендер жағы тізе бүгіп, үй иесіне өткен жылдан бергі бітірген ісін, немесе қолға алғалы жүрген шаруасын айтып, әңгіме-дүкен құрып қалуы мүмкін. Ал бойжеткен қыздар ауылдағы ісмер, көпті көрген аналарға, жеңгелерге көрісе барады. Сол үйде тоқу, тігу, аспаздық өнер жайлы, таяуда уақыты белгіленіп қойылған қыз ұзату тойы болса, оның жасау-жабдығы жайлы сөз қозғалады. Мұндай белгілі шеберлер де көрісушілерді арнай күтіп отырады.
Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен,
Жаңа ағытқан қозыдай жамырасып келіскен.
Шалдар бата беріскен, сақтай гөр деп терістен!
Жас қайырлы болсын ағайын!
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!