Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Отбасының берекесі – ана

Дата: 12.03.2024 Рубрика: По родному краю
330
0
Отбасының берекесі – ана
​            8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Амангелді аудандық орталық кітапханасында «Ана – теңгесі жоқ құдірет» атты тақырыбында кездесу кеші өтті.
Аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
​            «Егер сөз айтқың келсе, ер-азаматқа арна, іс атқарғың келсе, әйел адамға тапсырма бер» деген тұжырым бар. Қоғамда ер азаматтармен қатар еңбек етіп, қоғамның бел ортасында тер төгіп жүрген әйел адамдар екені белгілі. Ендеше біздің ауданымызда әр салада еңбек етіп, елдің көркейіп өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген аналарымыз қатысты.
            Мерекелік кешімізге өнерді және ұстаздық жолын қатар алып жүрген кешіміздің қонақтары. Айдарова Меруерт Қалиқызы, Қабақова Кенжегүл Сардарқызы, Молдашева Данагүл Бауыржанқызы, Ержігітова Айткүл Сабырқызы қатысты.
            Іс-шара барысында өздері тәрбиелеп жүрген шәкіртерімен өнерлерін көрсетіп, өздерінің өнер жолындағы және отбасы жайлы деректерімен бөлісті.
Аудандық мәдениет үйінің әншәлері де кеш көрігін қыздырып, қонақтарға жақсы көңіл күй сыйлады.
            Кеш соңында қонақтарға сый-сыяпаттар жасалынап, естелік суреттерге түсіп, жақсы көңіл-күймен, жақсы ниетпен тарқасты.
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!