Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Бүркітші қыз Айшолпан

Дата: 13.02.2024 Рубрика: По родному краю
161
0
Бүркітші қыз Айшолпан
            Қазақстанды әлемге танытқан әйгілі бүркітші қыз Айшолпан жайында білесің бе?
Ол жақында атажұрты Қазақстанға қоныс аударды. Алты жасынан бастап асау үйретіп, сегіз жасынан түз тағысын баптаған бойжеткенге осыған дейін әлемнің бірнеше мемлекетінен шақырту түскен болатын. Десе де, бүркітші ару өз таңдауын жасап, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Бозанбай ауылына табан тіреді. 
            Моңғолия жерінде дүниеге келген бүркітші қыз әлемнің 31 елін аралаған. Тіпті ол туралы режиссер Отто Белл "The Eagle Huntress" атты фильм түсірген. Фильм әлемнің 30 мемлекетінде, оның ішінде Лондон, Нью-Иорк, Дубай, Токио, Сидней қалаларында көрсетілді. Көпшілік көңілінен шыққан "The Eagle Huntress" фильмі 2015 жылы "Оскар" сыйлығына да ұсынылған. Ал, 2018 жылы Айшолпан Нью-Йорк қаласында "Asia Game Changer" сыйлығын иеленді. Біле білсек, бұл сыйлық Азияның ең таңдаулы тұлғаларына табысталады.
            Бір қызығы, Айшолпан "Бүркітші қыз" болып әлемге танылғаннан кейін екі жыл көлемінде Моңғолияда 15 бүркітші қыз шығыпты. Оған дейін болмаған. Айшолпанның айтуынша, қыранды екі түрлі әдіспен ұстайды екен. Біріншісі балапанды ұясынан алу, екіншісі тормен ұстау. Оның өмірі өте қызықты. Ол туралы әлеуметтік желілерден оқып білуге болады.
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!