Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Дарынды суретші

Дата: 30.01.2024 Рубрика: По родному краю
292
0
Дарынды суретші
            Құмкешу ауылдық кітапханасында Ә.Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай «Мирас болған мол мұра» тақырыбында бейнебаян әзірледі. Осы арқылы ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру.
            Қазақ бейнелеу өнерін, әрине Ә.Қастеевсіз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Ол сонау 20-30 жылдары-ақ Қазақстандағы болашақ суретшілер Одағының негізін қалаушылардың бірі. Бейнелеу өнеріне ең алғаш назар аударған ұлттық өнер суретшісі. Ә.Қастеев 1904 жылы Жаркент қаласынан онша қашық емес Шежін деген жерде кедей шаруа отбасында дүниеге келген.Жастайынан жетім қалып, өзінен кіші бауырларын асырау үшін, анасына көмектесіп, еңбек етуге мәжбүр болған. Суретші өрнек жасау шебері болған анасынан көрнекті үлгі сабақтарын алды. Әбілханның анасы үйіне керекті басқұр мен бау, бояулы алаша тоқу, кілем тоқу, оны өте әдемі өрнекпен әшекелеу жұмыстарының барлығын да өзі жасайтын және осы өмір сабағы Әбілханның халық өнеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.
            Ең алғаш Әбілхан Қастеевтің кездескен суретшілерінің бірі — Н.Г.Хлудов жас талант еңбегін өте жоғары бағалап, қазақтан шыққан тамаша суретшіге өзінің қылқаламын, түрлі бояу салынған қорапты сыйлайды. Осы кезде салынған суреттерінің көбі сақталған жоқ, тек біразы сол кездегі Т.Г. Шевченко атындағы қазақтың мемлекеттік көркемсурет галереясында «Қарындасымның портреті», «Көкшіл түсті көйлек киген қыз», «Түрксіб», «Мектепке бару» т.б.
            Ә.Қастеевтің шын мәнінде өмірден оқи да, үйрене де білген, жаратушының құдіреті мен бойына дарыған ерекше дарынымен өмірден алғанын өмірдің өзіндей ғып сомдап, өмірдің өзіне қайтарған. Әбілхан ағаға «асқан суретші» деген бір сөзбен анықтама беріп, ол кісіні білеміз дегенімізбен, терең біле бермейтініміз де анық.Ұлы суреткердің әрбір шығармасы – бір әлем. Ә.Қастеевтің шығармалары – бір ғасырдың көлемінде бірнеше дәуірді бастан өткізді дерлік. Өйткені, олар халықтар өмірінің қалтықсыз айнасы, шынайы шындығы.
            Құмкешу ауылдық кітапханасы ұжымы.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!