Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Асық ойнап жарыстық

Дата: 28.11.2023 Рубрика: По родному краю
93
0
Асық ойнап жарыстық
Қостанайдағы №24 бастауыш мектеп-гимназиясында республикалық челленджді құр жіберіп алған жоқ. Бастауыш төрт сыныптан әр топқа бөлініп, бәйге, эстафеталық жүгіру, омпы, асық ату, теңге алу ойындарын ойнап, арқан тартысты.
Бір қызығы, олардың ата-аналары отбасымен бірге қатысып, ұлттық ойынды осылай дәріптеді.
«Біздің мектепте республикалық челленджге өз үлесін қосуда. Біз тек оқушылар арасында ғана емес, олардың ата-аналарымен бірге жарыс ұйымдастыруды жөн көрдік.  Жалпы асық ойыны ептілікке, мергендікке баулиды. Ұлттық ойындардың өскелең ұрпақ арасында кең танылып келе жатқаны қуантады, дейді №24 бастауыш мектеп-гимназиясы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлназ Нұрғалиева.
Сардар Санайды асық атуға әкесі баулып келеді. Әуесқой спортшы Қостанай қаласы №24 бастауыш мектеп-гимназиясының үшінші «а» сыныбында оқиды.
«Асық ату бабадан келе жатқан дәстүр деп әкем айтып отырады. Сол айтқанын бірден жадыма құйып алдым. «Мергендікке, адамды сыйлауға үйретеді» дейді әкем. Айтқанының бәрін тыңдап жүрмін. Өскенде спортшы боламын», – дейді Сардар.
Жалпы қала мектептерінің бәрінде бір мезетте қазақтың ұлттық ойыны асық ату, бес асық ойналды. Бұл шаралардың барлығы білім беру ұйымдарын біріктіруге және білім алушылардың қазақтың мәдениетіне қызығушылығын арттыруға бағытталғанына тағы бір мәрте көз жеткіздік.
Сезім Нұрғалиева,
Қостанай қаласы №24 бастауыш мектеп-гимназиясының оқушысы.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!