Аспалы төбелердің зияны
Дата: 14.11.2023 Рубрика: По родному краю
0
144
0
Аспалы төбелерді өндіруде материалдардың екі түрі қолданылады - арнайы полиэфир матасы және поливинилхлорид. Қостанай аумағымызда тауар айналымда тек осы поливинилхлоридті аспалы төбелер ғана қолданыста жүреді екен. Бұның басты себебі, бағасының айырмашылығында екен.
Поливинилхлоридті аспалы төбелер бізге қолжетімді болғандықтан мен аспалы төбе материалдарымен қамтамасыз ететін мекеме сатушысынан өнім сертификатын алып, оның мазмұнына мән бердім. Өрт қаупінің әртүрлі кластары бар (КМ1-ден КМ5-ке дейін). Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, өрт қауіпсіздігі тұрғысынан төбе соғұрлым қауіпті. Өнімнің сертификаты негізінде біз алып отырған аспалы төбе материалының өрт қауіптілігі КМ5 класына жатқызылады, яғни өрт қауіптілігі деңгейі ең жоғары екенін көрсетеді. Жану кезінде мұндай төбелер балқиды және төмен тамшылап жиһаз және тұрғын үйлерде жаңа өрт ошақтарын тудырады. Бөлінген түтін улы ұшқыш заттар болып табылады, одан ауыр улануды тудырып адамдар зардап шегуі мүмкін.
Амангелді ауданында 2020 жылы өрттің салдарынан үйінен айырылған отбасын жақсы білемін. Олардың үйлері зерттеу барысында аспалы төбемен жабдықталғанын білдік. Егер аспалы төбе болмаса, түтін иісінен балалар уланып өмірден кетпес еді. Сондықтан да, айтарым апатты жағдайдан аман болу үшін оның алдын алуды ойлау керек. Нақты сипаттамаларды білу үшін өнімнің өртке қауіптілігі бар екеніне көз жеткізу үшін сертификатына мұқият қарау керек. Неге біз ардайым сапасыз өнімдерді тұтына береміз?! Қазіргі өркениетті елдер бұндай сапасыз дүниелерді мүлдем қолданыстан шығарған. Сондықтан да өзіміздің қауіпсіздігімізді ойлау үшін, пайдалы құрылыс материалдарын қолданғанымыз жөн.
Жантөре САПАБЕКОВ,
Амангелді жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.

Комментарии