Тұздыкөл туристік – емдік орынға айналса…
Дата: 14.11.2023 Рубрика: По родному краю
1
217
0
Жангелдин ауданы орталығынан 100 шақырымдай жерде қаратұз орналасқан. Көлдің аумағы 10 шаршы шақырым. Тереңдігі 40 метр. Тұздың болжанған қоры – 40 млн тоннадай. Қаратұз – тұзды көл шөгінділеріне тиесілі, беткі жазықтығы тұнбатұз (новосадка) қабатшасымен көмкеріліп жататын ас тұзы қабаты; әдетте жымдасып үлгермеген лай аралас тұз кристалдары жиынтығынан тұрады. Тұздың сапасы жоғары, емдік қасиеті бар.
Ал, созылмалы аурулары, қан қысымы жоғары кісілерге мұқият болғаны дұрыс. Осы тұзды көлдің емдік қасиетінен шипа іздеп еліміздің барлық облыстарынан бөлек көршілес Ресей мемлекетінен де емделуге келіп жатыр. Тұзды су бойыңыздағы барлық ауруға шипа. Адамның бойы жеңілдеп, дертінен айығып, демалып қалады. Бұған дәлел ретінде Торғайдың қасиетті топырағын басып емдік қасиеті бар суынан ем қабылдаған кісілермен, ауыл тұрғындармен жолығып әңгімелестім. Ауыл тұрғындарының айтуынша, тіпті ол жерге әлі күнге дейін жараланған аң-құстар, табиғаттағы экологиялық факторлардың кесірінен пайда болған жараларын кетіру үшін ақбөкен, киіктер осы тұзға келіп түседі деседі.
Қара тұз жер қойнауынан түзіліп шығады. Бар қасиеті бойында. Шипалы. Дүкендегі тұздар сұрыпталады, йодталады, бүйрекке жиналады. Аузыңа салсаң қуырып тастайды. Ал, қара тұздың қасиеті – ашырқанбайсың. Шөліңді басып, тоқ жүресің, – дейді Ақкөл ауылының тұрғыны 87 жастағы Зибагүл әже. Қазіргі таңда дүкен сөрелерінде ас тұзы болғанымен, қайнатылған құртқа, соғым етін тұздағанда қара тұзды қолданатынын да айтты. Кеңес одағы кезінде осы тұзда құрамында йодтың жеткілікті екені дәлелденген. Сондықтан да, қолданар алдында әбден жуып, кептіріп, қол диірменнен өткізіп, ас тұзы ретінде ет тұздауда, тамаққа пайдалануға қолдану кеңінен таралған.
Арал тұзы мен Қаратұз көлінен алынған тұздың айырмашылығының жоқтығын анықтау мақсатында тәжірибе жасадым. Нәтижесінде Арал тұзы мен Қаратұз көлінің тұзы қосылған судағы жұмыртқалардың тұздың қысымы әсерінен жоғары көтерілгенін байқауға болады. Демек, екі тұздың да құрамында йодтың бар екенін көреміз.
Қазіргі таңда игерілмей жатқан тұзды көлдің маңынан шипажай ашу қажет деп ойлаймын.
Аяулым АРҒЫНҒАЗЫ,
Амангелді жалпы білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы.

Комментарии