Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Бәсірені білеміз бе?

Дата: 14.11.2023 Рубрика: По родному краю
229
0
Бәсірені білеміз бе?
            Шаңырақта ұл бала дүниеге келген сәттен бастап, баланың ата-әжесі немесе жасы үлкен туыстарының бірі дүниеге келген балаға арнап бәсіре атайтын болған. Яғни, қазақтың өмірі малмен тікелей байланысты болғандықтан, ұл бала дүниеге келгенде сол күндері туған құлынды немесе ботаны «нәрестенің бәсіресі» деп атау салты болған. Қазақ халқының ұғымында дүниеге келген баланың болашағы өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты. Сондықтан оны басқа адам мінбейді, сатпайды. Бәсіре мүмкіндігінше жүйрік, жорға болғаны дұрыс. Бәсірені баламен бірге қадағалайды, бұла қып өсіреді. Қазақ халқы бәсіресі бар баланың да есейе келе малға деген ықыласы, пейілі түзу болады деп пайымдаған.
            Бүгінде бұл салт ұмытылып бара жатқанымен, салт-дәстүрлерді берік сақтайтын өлкелерде әлі де жалғасып келе жатыр деуге болады. «Бәсіре атау» салты дәл бұрынғыдай қалыппен жүзеге аспағанымен, сый-сияпат беру, балаға арналған сыйлық түрлері барлық жерде бар. Дегенмен, бәсіре атаудың түп-төркіні бала өмірге келгенде төлдеген малдың құлынын немесе ботасын баланың жекеменшігі ретінде қарап (тіпті кей жерлерде қозы-лақты да бәсіреге атайды) «балам осы төлмен жарысып өссін. Құлындай шауып, тез жетілсін» деген сенімнен де туындайды. Екінші жағынан алып қарайтын болсақ, көзін ашып көргелі, есін танығалы бері «менің жылқым, менің түйем» деп бала төрт түлік малдың қадірін біліп өседі. Оған қарайды, еңбекке араласады. Ең бастысы, кішкентайынан «малды бала» атанып, өзіне аталған бәсіре малын көбейтсе де өз еркі. Бұл баланы ептілікке, жан-жануарларға мейіріммен қарауға да үгіттейді. Қысқасы, ата-бабаларымыздың баланы тәрбиелеу үшін қолданған тағы бір әдіс-тәсіл түрі. Ал үлкендер үшін жомарттық пен сараңдық сынға түсетін дәстүр.
ERNUR.KZ порталынан алынды.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!