Ұлттық тағамның пайдасы
Дата: 14.11.2023 Рубрика: По родному краю
0
541
0
Сүттен жасалатын қазақта құрт, қатық, қымыз шұбат, сүт көже, сүзбе, көбік, ежігей тағы да басқа тағамдар баршылық. Және ол тағамдардың басым бөлігінің қалай әзірленетіні халыққа белгілі. Алайда таныс емес қазақ тағамдар да қаншама. Мысалы, өзім жақында ғана ежігей деген тағамды білдім. Осы тағамның қалай және неден әзірленетіні маған осы уақытқа дейін беймәлім еді. Ұлттық тағамдар туралы жазылған үш кітапты оқығанмын. Бірақ, ол кітаптарда ежігей туралы кезіктірмеппін. Кітаптарда жазылмаған ас түрін мен ғаламтордан бірден таптым. Ежігей - қой сүтінен дайындалған тағам. Ол қайнатылған қатық пен сары ірімшіктің қоспасынан әзірленетін дәмі тәтті, өзі жұмсақ болатын ас екен. Бұдан да басқа біз білмейтін ұлттық тағам түрлері көп деп ойлаймын. Негізінен бізде ұлттық тағамдардың ұмыт болып бара жатқаны шындық. Ал, бұған себеп, түрлі тағамдардың, соның ішінде, басқа елден келген астардың көбеюі. Бірақ, бұл тағамдардың пайдасынан зияны басым екенін зерттеушілердің өзі дәлелдеп отыр. Мәселен, барлық дүкендерде сатылатын американдықтардың жылдам әзірленетін гамбургер, чизбургер, хот- дог секілді тағамдары денсаулыққа зиян. Және де адамның тез толысуына себепші болады. Міне, осы секілді басқа елден келген астардың көпшілігінің пайдасынан зияны басым болса да, барлық дүкендерде осы тағамдар сатылады, ал өзіміздің ұлттық тағамдарымызды еш дүкеннен таба алмайсың. Тек құртты ғана санаулы дүкендерден табуға болады. Бұлай кете берсе, ұлттық тағамдарымыз жойылып кете ме деп қауіптенемін.
Гүлнұр Қойшыбекқызы.
Гүлнұр Қойшыбекқызы.
Комментарии