Ұлттық құндылықтарды дәріптеп
Дата: 14.11.2023 Рубрика: По родному краю
0
227
0
Білім берудің алғашқы атасы – бастауыш білім. Баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, өз бетінше шешім қабылдай алуға, тәжірибелік әрекеттерге дайын болуға, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Осы орайда, Арқалық қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияда «Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында құқықтық мәдениетті ұрпақ қалыптастырудың әдіс-тәсілдері» атты қалалық семинары өткізілді. Семинардың пленарлық бөлімінде мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары тақырып аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, оқушылардың қолынан жасалған қолөнер көрмесімен таныстырды. Семинар барысы сыныптардағы тәрбие, сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шараларға ауысып, қатысушылар ашық іс-шараларға қатысты.
Ақын, жазушылардың шығармалары, әңгімелері негізінде құрылған іс-шараларда сынып жетекшілер ұлттық құндылықтар, қазақ халқының салт-дәстүрі, ырым, тыйым сөздері арқылы оқушылар бойына рухани-адамгершілік тәрбиені дарытудың үлгілерін көрсете білді.
Өткізілген ашық тәрбие, сынып сағаттары барысында әр мұғалім бала тәрбиесі қоғам міндеті екендігін көрсете біліп, өзге мекемелер және мектептің ата-ана қауымымен орнаған байланысты аша білді. Оқушылар барлық іс-шаралар барысында өздерін белсенді ұстап, іс-шараның мазмұнды өтуіне барынша атсалыса білді.
Семинар соңында гимназияның жас өнерпаздарынан құралған оқушылар концерт қойып, қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.

Комментарии