Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Отан отбасынан басталады

Дата: 14.11.2023 Рубрика: По родному краю
81
0
Отан отбасынан басталады
            Арқалық қаласындағы қосымша білім беру орталығында “Тіл тамыры – отбасы” тақырыбында отбасылық сайыс өтті. Сайысқа барлығы 7 отбасы қатысты. Сайысты өткізудің негізгі мақсаты мемлекеттік тілге құрмет отбасынан басталатынын айқындау және әр Қазақстандық отбасының мемлекеттік тілге деген құрметін арттыруға ықпал ету.      Сайыс І кезең: «Тіл өнері - дертпен тең» (мақал-мәтелдің жалғасын тап), ІІ кезең: «Тәрбие басы - тіл» ( үй тапсырмасы ), ІІІ кезең: «Руханият иірімдері» ( сұрақ-жауап )IV кезең: «Өнер алды-қызыл тіл» ( мәнерлеп оқу ) кезеңдері бойынша өтті.
            Әділқазылардың шешімімен отбасылар мынадай орындарға ие болды:
            І орын: Байтұрсыновтар отбасы (А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия)
            ІІ орын: Таубалдиевтар отбасы (№10 ЖББМ)
            ІІІ орын: Біржан отбасы (А.Байтұрсынов атындағы гимназия)
            ІІІ орын: Мағзұм отбасы. ( Ш.Уәлиханов атындағы #1 мектеп)
            «Ұшқыр ойлы отбасы» номинациясымен : Жұмағалиевтар отбасы (Кейкі батыр атындағы #4 мектеп), «Белсенді отбасы» номинациясымен Сәлімгерей отбасы (№8 НОМ) және «Ұйымшыл отбасы» номинациясымен Есімсейтовтар отбасы (Қызылжұлдыз мектебі) марапатталды.
            Жеңімпаз отбасыларға білім бөлімінің мадақтамасы мен естелік сыйлықтары табыс етілді.

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!