Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жеті қазынаға не кіреді?

Дата: 14.11.2023 Рубрика: По родному краю
290
0
Жеті қазынаға не кіреді?
            "Жеті" – қазақ халқы үшін киелі сан. Ата-бабамыз жеті санын қастерлеп, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, ата заңдарына арқау етіп келген. Мысалы, қазақтың дәстүрлі дүниетанымында "Жеті қазына" деген ерекше ұғым бар.
            Жүйрік ат
            Жылқы ер қанаты ғана емес, қазақтың – рухы. Қазақ халқы жылқыны қастерлейтіні соншалық, өзін жылқы мінезді жұртқа теңейді.  
            Қыран бүркіт
Бүркітті көшпелі қазақ, ең алдымен, күнкөріс есебінде қолға үйреткен. Бұл да халқымыз үшін киелі құс. Ердің алдына құсты қондыратын тұғыры болады. Бүркіттің көзін томаға жауып тұрады. Аң көрінгенде ғана қыранның көзін ашқан. Мұндай сәтті қазақ "томағасын сыпырды" дейді.
            Құмай тазы
Жеті қазынаның бірі – құмай тазы. Тазы – жазық далада аң аулауға арналған ит тұқымы. Егер аңшылар көрінбесе, үріп, қайда тұрғанын білдіреді. Мұның бәрі тазының ақылды ит екенін аңғартады.
            Берен мылтық
            Берен мылтық деп атпен алып жүруге ыңғайлы, жеңіл әрі дәл тиетін ұңғысы ұзындау мылтықты айтады. Берен мылтық бір ғана ауызды болады.
            Қандыауыз қақпан
            Құрылған қақпанның ортасында тілі болады. Аңдар оны абайсызда басып кеткенде, тіл тиекті босатып, қақпан сарт еткізіп қауып қалады. Қашан иесі келіп, серіппесін басып ашқанша, ештеңені босатпайды.
            Майланғыш ау
            Балық аулауға ыңғайлы құрал ау деп аталады. Қайық немесе кемемен екеулеп сүзіп шығатын аудан басқа, су ортасына керіп қоятын аулар да бар. Оны "жылым" дейді. Кәнігі балықшылар балықтың суда жүзетін жері мен жайылатын уақытын біледі. Жылымды сондай тұста құрып кетеді.
            Кездік
            Кездіктің бір жағында ғана жүз бар. Ол өте өткір қайралады. Қазақ оны жалаңдатып ұстамай, қынға салып қояды. Жігіттер кездікті аң мен малды бауыздап, сою үшін, тал кесу үшін пайдаланған. Сондықтан ешқашан кездігін жанынан тастамаған. Ертеректе әркімнің өз кездігі болған, бала ержеткенде әкесі оған кездікті арнайы соқтырған.

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!