Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Атадан жеткен айтыс

Дата: 07.11.2023 Рубрика: По родному краю
101
0
Атадан жеткен айтыс
            Арқалық қаласында А.Имановтың 150 жылдығы, С.Көбеевтің 145 жылдығы және Ғ. Қайырбековтың 95 жылдығына арналған «Ұрпағың саған тіл қатты» атты қалалық жазба ақындар мүшәйрасы өтті.
            Жыр додасының сарапшылары талант иелерінің өлең-жырларындағы сөз қолданысына, ой жүйелігіне, көркемдік ерекшелігіне, тақырыптың ашылуына, шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына, сахна мәдениетін бағалап, жаңа туындының еш жерде жарияланбағанына назар аударды.          
            -Қаламызда жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан бұл мүшәйра жас талапты ақындардың өнерін дамытуына, сонымен қатар олардың өнер ортасын қалыптастыруына, өлеңмен тәжірибе алмасып әрі қарай елге танылуына үлкен мүмкіншілік беруде, - дейді әділқазылар алқасының төрағасы, айтыскер ақын Батырлан Сағынтаев.
            Үш кезеңді қамтыған жыр жарысының қорытындысы бойынша бірінші орынды Родина ауылының ақыныЕрнағыз Жанатқан жеңіп алды. Ал, мүшәйраның екінші және үшінші орындарын Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педогогикалық институтының студенттері Айбек Құндақбаев, Гүлнұр Темірболатқызы, Думан Елубай иеленді. Ғафу Қайырбеков атындағы жүлде Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педогогикалық институтының студенті Сейфуллин Насихатұлына, Спандияр Көбеев атындағы жүлде. Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы Әсел Маратқызына, Амангелді Иманов атындағы жүлде Ақбұлақ негізгі мектебінің оқушысы Рүстем Төлепбергенұлына табысталды. Сондай-ақ,  “Жас қалам” номинациясы Б. Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Мақсат Адайұлына берілді.
            М.Бекетұлы
         Арқалық қаласы. 
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!