Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Арманы әлемді бағындыру

Дата: 07.11.2023 Рубрика: По родному краю
134
0
Арманы әлемді бағындыру
            Балет – би өнерінің шыңы. Осындай қиын да, күрделі әрі үлкен еңбек пен зор жауапкершілікті талап ететін би өнерін таңдаған жас талаптың бірі -  сегіз жасар Аделя Жұмабек. Өнерпаздан сұхбат алған едік.
            –Аделя өзің жайында айта кетсең?
            –Мен Рудный қаласындағы №2 мектеп-гимназиясының 3-ші сыныбында оқимын. Анам үш жасымнан биге берген. Соңғы үш жылда балетпен айналысып, би өнерін меңгеріп келемін. Біраз жетістіктерім де бар. Мен қатысатын балет үйірмесі “Біз талантты іздейміз” халықаралық би байқауында және “GULNAR FEST” сияқты бірнеше республикалық би байқауларында гран-при мен бірінші жүлделі орындарды жеңіп алды. Мұның бәрі әрине жетекшілеріміз Евдокимова Ольга Юрьевнаның еңбегі.
            –Өзіңінің күн тәртібің қандай?
            –Аптасына үш рет балет үйірмесіне барып, үйде де күніге бимен шұғылданамын. Алға қойған талабым мен мақсатым да зор. Мен балетті жан-тәнімен жақсы көремін. Арманым әлемді бағындырған атақты балерина болу.
            –Балерина болуды неге армандайсың?
            –Басқа билермен салыстырғанда, балет биі өте қиын, көп еңбекті талап етеді. Бірақ, қанша қиын болса да бұл  би өнері өзіме қатты ұнайды. Бидің арқасында дұрыс тамақтануды да үйрендім,  қазір кока-кола, спрайт сияқты газдалған сусындар мен чипсы, кериешки, колбаса  сияқты тағамдарды мүлде жемеймін. Ұстазымыз Ольга апай бізге көп нәрсені үйретуде, біз де ол кісінің сенімін, үмітін ақтаймыз. Болашақта үлкен сахналарда өнер көрсетіп, атақты балерина болсам деп армандаймын.
            –Әңгімеңе рахмет, арманың орындалсын.
            Арлан Асқар,
            оқушы.
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!