Атадан жеткен тәрбие
Дата: 07.11.2023 Рубрика: По родному краю
0
193
0
Өз бағамды сұрамаймын өзгеден,
Ердің құнын өлшейтін кім сөзбенен?!
Өз бағамды сұрамаймын өзгеден,
Ер салмағын безбендер кім көзбенен?!
Сұрасам да кемеңгер мен батырдан,
Қадырымды сұрамаймын өзгеден,
Ел алдында өз орынын парықтап
Күйкі пенде көңілімен сезбеген..., - деп жырлаған балалардың сүйікті ақыны, көп қырлы талант иесі Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай Әулиекөл балалар кітапханасы «Балдырғандар бағбаны» атты әдеби сағат өткізді. Мұзафар Әлімбаевтың ақындық бағытын, жетімдікпен өткен өмірін, еңбектен ләззат ала отырып, жеткен жетістіктерін насихаттау мақсатында балалар «Ақынның ауылына әдеби саяхат» тақырыбы бойынша картамен саяхат жасап, өлеңдерін оқып, жұмбақтар, сөз жұмбақтар, ребустер, логогрифтер, метаграммалар мен шарадалар шешіп тапқырлық танытты.
Ақынды сыйлау, оның талантын бағалау керек. Бұл да біздің дәстүрлі тәрбиеміз. Ұлттық болмысымыз қазақ халқын өнерді бағалауға бастайды.
Таңшолпан Алтаева,
Әулиекөл балалар кітапханасының кітапханашысы

Комментарии