Дәстүрді жаңғыртқан «Сырғалым»
Дата: 07.11.2023 Рубрика: По родному краю
0
212
0
Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі «Сырғалым» жобасын қолға алғалы да біраз болды. Осы уақыт аралығында қалалық білім беру ұйымдарындағы 8-11 сынып оқитын қыз балалар арасында түрлі тақырыпта шеберлік сағаттары өтті. Жарты жыл бойы жоба спикерлері облыс орталығының 8 мектебінде болып, 500-ден астам жоғары сынып оқушыларымен кездесті.
Жобаның басты мақсаты – болашақ ұрпақты ұлттық дәстүрлер рухында тәрбиелеу, қыздарды қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру, сондай-ақ жастар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау.
Оқушы қыздар үшін станциялар ұйымдастырылып, әр станцияда түрлі іс-шаралар өтті. Мысалы «Дастархан ортақ – дәм тәтті» бастамасы қыздарды шай құю рәсіміне, дастархан әдебіне ұйретеді. Сондай-ақ «Нан илеу шеберлігі» ет асқанда оқтаумен қамыр жаюды көрсетсе, «Шебердің қолы алтын» қолөнерге баулып, «Сүйікті ісіңді тап» актерлік, ораторлық шеберлік негіздерімен, әйелдер блогын жүргізу құпияларымен таныстыру, әйелдердің өзін-өзі жүзеге асыруға мотивациялық дәріс жүргізуге бастайды. «Қыздың көркі - шаш, шаштың көркі - шашбау» қазақтың ұлттық әшекейлері, киімдері, олардың тарихымен танысу ұйымдастырылды.
Мұнан соң қазақтың ұлттық құндылықтарын ұрпақ жадында жаңғырту үшін шашақ жасау, ұршық иіру, құрақ құрау өнерлерінен шеберлік сыныбы көрсетілді. Қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық киімі, тағамы, ою өрнегі шараның шырайын аша түсті. Мерекелік көңіл-күй сыйлап, қаймағы бұзылмаған қазақы дәстүрдің айшықты бейнесі көрсетілген шарада қонақтар мен ақ жаулықты аналар лебіздерін білдірді.

Комментарии