Менің елім
Дата: 31.10.2023 Рубрика: По родному краю
0
214
0
Республика күні қарсаңында Шолақсай ауылдық кітапханасында бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Менің Отаным - Қазақстан» атты тарихи-танымдық экскурсия өтті.
Іс-шараның ақпараттық бөлімінде балалар мерекенің тарихымен, Республиканың рәміздері – Елтаңба, Ту және Әнұран туралы ақпараттармен танысты.
Шара барысында оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, «Мемлекеттік мерекелер» ойынына қатысты. «Қазақстан – Ұлы Дала елі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған Қазақстанның тарихы, мәдениеті, Қазақ Елінің көрнекті тұлғалары туралы кітаптар қойылды. Мақсаты: Отанға деген патриоттық, мақтаныш сезімін дамыту, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін бекіту, туған жер туралы кітаптарды оқуға шақыру.
Комментарии