Музей жайлы...
Дата: 31.10.2023 Рубрика: По родному краю
0
223
0
Біздің өлкемізде музейлер көп. Олардың әрқайсысы қазына мен жәдігерге толы. Соның бірі облыс орталығындағы Ыбырай ата музейі.
16 қазан – Ыбырай музейінің салтанатты ашылуы болған күн.
Ыбырай Алтынсарин музейі 1991 жылы 16 қазанда Қостанайдың төрінде, 1884 жылы Ыбырай Алтынсарин негізін салған мектептің орнында ашылды. Салтанатты ашылу рәсімінде Ыбырай Алтынсариннің аталас туысы, Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті ақын Мәриям Хәкімжанова, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Дала қоңырауы» поэмасын жазып, Ыбырай бейнесін лирика тілімен көркем сомдаған қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Ғафу Қайырбеков қатысқан.
Қазір музейде көп заттар бар. Музей қызметкерлері көп еңбек етеді.
Айсана Асқар,
оқушы.
Комментарии