Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Бабалар ізімен»

Дата: 24.10.2023 Рубрика: По родному краю
150
0
«Бабалар ізімен»
            Осындай шартты атаумен Торғай өңірінің батыр-бектерін, жырауларын, әулие-әмбиелерін, ақын-жазушыларын өзге жұртқа таныту. Торғай жері — Шақшақ Жәнібек батыр, Амангелді Үдербайұлы, Кейкі Көкембайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Ыбырай Алтынсарин сияқты ұлы тұлғалардың мекені. Өз кезегінде олардың аталған өңірдегі 10 музейін көру мүмкіндігіміз бар. Мәселен, Арқалық қ. Дала өлкесі тарихы музейі, Амангелді кентіндегі Амангелді Иманов музейі, Торғай қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы, Ыбырай Алтынсарин, «Торғайдың топжарғаны» Нұрхан Ахметбековтің, Шақшақ Жәнібек батыр музейлері сияқты музейлерге барамыз, бұл музейлерде өте сирек кездесетін жәдігерлер бар екенін естеріңізге саламын. Жалпы, Торғай елі, аты Торғай болғанмен, қырандар мекені ғой, мәселен, бір ғана Қызбел ауылынан исі қазаққа танымал 25 академик пен алаштың ұл-қыздары туған екен, бұны біреу білсе, біреу білмес. Ал енді менің өз ауылым мен көрші ауылдар — Көкалат, Аралбай мен Көлқамыстан жалпы саны 60 ақын-жазушы шыққан екен. Бұл мақтаныш па, мақтаныш, әрине, оларды өскелең ұрпаққа осылай насихаттай аламыз. Одан өзге Құтан әулие, Оспанқожа сияқты әулие-әмбиелеріміз қаншама.
Одан басқа менің өз ауылым Ыбырай Алтынсариннің кітабына арқау болған Қыпшақ Сейітқұл атамыздың ауылы, Айса Нұрманов сияқты техника жоқ заманда 20 шақырымдық бөгет тұрғызған атамыз да осы ауылдан шыққан.
            Қысқаша айтқанда, осындай қаншама аталарымызды, жерімізді танытамыз, жалпы барша қазақ даласы сияқты Торғай даласы да тұнып тұрған тарих қой.
Амандық Әмірхамзин,
өлкетанушы.



 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!