Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Туристер ең көп баратын орындар

Дата: 24.10.2023 Рубрика: По родному краю
315
0
Туристер ең көп баратын орындар

            Қазір Қазақстандағы мәдени-тарихи, сауықтыру және экстремалды туризм қарқынды дамып жатыр. Сондай-ақ, еліміздегі табиғатты, тарихи және көрікті жерлерді тамашалауға, демалыстан ләззат алуға әлемнің түкпір-түкпірінен және Қазақстанның өңірлерінен туристер көптеп келеді. Ал Сіз елімізде туристер ең көп баратын нысандарды білесіз бе?
            Қазақстан туризмі – ел аумағындағы шексіз далалар, жартасты таулар, әсем табиғат, өзендер мен көлдер, тарихи сәулет ескерткіштері, заманауи ғимараттар және өркениетті мегаполистермен бағаланады. Қазақстандағы танымал туризм орындары Егер сіз демалуға қайда баратыныңызды білмесеңіз, кез келген бағытты – солтүстік, шығыс, батыс, оңтүстік Қазақстанды таңдасаңыз болады, өйткені барлық жерде Сізге ұнайтын орындар бар.
            Арыстан баб – Түркістан облысы, Отырар ауданындағы көне кесене, сәулет өнерінің тамаша жетістігі. Бұл кесене Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы, "бабтардың бабы" – Арыстан бабтың бейітінің басына ұлы қолбасшы Әмір темір XIV ғасырдың соңында салдырған. Бұл кесене зиярат етіп келушілердің саны шексіз. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан тарихи ғимаратқа жолдан өткен жанның барлығы бір тоқтап кетеді.    
            Қожа Ахмет Яссауи кесенесі (Түркістан облысы, Түркістан қаласы) – ғимарат осы күнге дейін керемет сақталған. Кесенені бірнеше ғасыр бұрын Қожа Ахмет Яссауидің жерленген жеріне Әмір Темір қолбасшы тұрғызған. Сондай-ақ, Түркістан қаласын «Екінші Мекке» деп та атайды. 3. Шарын шатқалы – АҚШ-тағы Үлкен шатқалға бәсекелес болатын Қазақстанның әдемі жері. Мұнда мистикалық қызықты орындар, кәрі ағаштар мен бас айналдыратын көріністерге куә бола аласыз. Сондай-ақ, «Қамалдар алқабы», «Ведьмино шатқалы» деп аталатын бөліктері бар.
Интернет желісінен алынды.




 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!