Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Орманшы

Дата: 24.10.2023 Рубрика: По родному краю
318
0
Орманшы
Өлкемізде осынау қиындығы мен жауапкершілігі қатар жүретін мамандықты адал атқарып жүрген, бүгінде еңбегі еленіп, халқы құрмет тұтқан жандар жетерлік. Солардың бірі қыдыр қонып, құт дарыған, шежірелі өлке - Науырзым жерінде туып өсіп, бүгінде тамырын тереңге жіберген алып бәйтеректей, мәуелі баққа айналып отырған Кәрімовтер әулеті. Бұл әулетті наурызымдықтар ерекше мақтанышпен айтады. Себебі олар бір әулетімен орманшы.  
Бұл әулетте орман қорғау мамандығы атадан балаға мұра болып келе жатыр.  Ұрпақтар сабақтастығы үзілмеген. Себебі әулеттің жалпы еңбек өтілдері сонау 1986 жылдан басталып бүгінге дейін үздіксіз 67 жылға жалғасын тапқан. Осынша ерен еңбек, өмірлік тәжірибе, әкеден балаға рухани азық болып, мұра ретінде қалып келеді. 
Кәрімовтер Науырзым ауданының Саршығанақ елді мекенінде дүниеге келген. Күні бүгінге дейін туған жерден алшақтамай, орман қорғау ісінде үздіктердің үздігі болуда. Қасиетті Науырзым жеріне еңбектерін сіңірген азаматтар. 
Ағайындылардың үлкені Кәрімов Наурызхан Сәкенұлы еңбек жолын Науырзым ауданының Саршығанақ елді мекенінде орманшылық қызметінен бастаған. Осы жерде шаңырақ көтеріп асқар тау әке атанып, бүгінде алтын асықтай екі ұлы мен бір қызын тәрбиелеп, өсіріп өз алдына жеке қанаттандырып отырған жайы бар. 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!