Қыздарға жарасады...
Дата: 24.10.2023 Рубрика: По родному краю
0
172
0
Әжем үнемі шашыңды жаймай, өріп жүре деп айтады. Баяғыда шашқа шолпы, шашбай тағатынын айтады. Сөйтсем екеуінің де айырмасы бар екен.
Құрылымы жағынан шағын болып келетін шолпы өзара біріктірілетін қозғалмалы бөлшектер: құлпырма маржан тізбектерінен, Ресей тиындарынан (жалған теңгелер де жарайды), жартылай қуыс не жалпақ, селдір медальондардан, күміске орнатылған түрлі тастан құралады. Ал шашбау болса, шолпыдан ұзындығымен ерекшеленеді. Ол күміс шынжырлардан немесе жіптен, жібек баудан жасалып, маржан моншақтармен, сәндік әшекей бөлшектерімен безендірілген таспабаулардан тұрады.
Шолпы шаштың ұшына тағылатын болса, шашбау бұрымның түбіне ілінеді немесе шашпен бірге өріліп, бұрымға сән беріп тұрады. Кейде шашбау қара баудан жасалып, шашты ұзын әрі қалың етіп көрсету үшін қолданылады.
Шашбаудың да, шолпының да әшекей бұйымнан бөлек, өзіндік ерекше мақсаты болған. Бұларды оқи отырып, қазақтың даналығына еріксіз тәнті боласың.
Комментарии