Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Бұрымыңды қима

Дата: 24.10.2023 Рубрика: По родному краю
199
0
Бұрымыңды қима
            Қыздың арқасына түсетін ұзын бұрым ерекше күш-қуат беріп, тәні мен рухын мықты қылған. Тұрмысқа шыққан әйелдің шашы екіге жарылып, қос бұрым болып өрілген. Мұнысы, сірә, «жұбым бар» дегендегісі болса керек. Неткен бекзат қағида дерсің! Әрине, тұрмысқа шықпаған қыздар да қос бұрыммен жүре алады, бірақ олар тұрмыстағы әйелдер сияқты екі бұрымның ұштарын бір-біріне жалғамай, еркін қоятын еді. Ал жас әйелдердің шашын маңдайдан айырып, екі бұрым етіп өрген соң, оның арасын бір сүйемдей етіп ұшынан бір-біріне жалғап қойған.
            Өзімнен бір сынып төмен оқыған қарындасым бар. Мектепте оқып жүргенімізде марқұм әжеміз таң ертесімен от жағып отырып қатар істейтін бір жұмысы бар еді: ол – қарындасымның шашын өру. Бір тал шашынан шашау шығармай бантик қосып өретін. Қандай жарасымды еді! Қазір де мектептің оқушы қыздары бантик тағады, бірақ шашқа қосып өретін емес, жай ғана қыстыра салатын «бантиктер». Жоғары сыныптың қыздары мұны тағуды тіптен ұят санап, арланып та жүретіндерін білем. Бантик тағуды кешегі кеңестік кезеңнің коммунистері ойлап тапты ғой деймін, бұрынғы әжелеріміз бойжеткен күнінде бантик таққандарына күмәнім бар. Шашпау-шолпыларын сыңғырлатып жүрді ғой! Міне, осы жерде өз-өзінен бір идея келе қалады. Мектепте жоғары сынып оқушыларына, колледж оқитын бойжеткендерге шашбау, шолпы тағуды міндеттеп, ережеге енгізіп қойса құба-құп болар еді.
Ғабит КӘДІРБАЙ.
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!