Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ұлттық киім бәрімізге жарасады

Дата: 24.10.2023 Рубрика: По родному краю
210
0
Ұлттық киім бәрімізге жарасады

            Мен биыл мектепке бардым. Бірінші сынып болмаса да алғашқы даярлық тобына барып жүрмін. Бұл мақаламды менің әңгімем бойынша анам жазып отыр. Мен әлі жаза алмасам да әңгімелеп беремін ғой. Апайым Гүлсім Бәкірқызынан үйренерім көп. Жазамыз, оқимыз, әріптерді де үйреніп жүрміз. Ең қызығы әр жұма сайын мектепке қазақша киініп барамыз. Қыздар да, ұлдар да, апайымыз да қазақша киініп өте әдемі болып келеді.
            –Мұндай бастама еліміздің көп мектептерінде бар екенін білемін. Бірақ ешкімді міндет­те­мейміз. Кімге ұнаса, киіп келеді. Кигісі келмесе, мектептің бекі­тілген формасымен келе береді. Бірақ бастама ата-аналар тарапынан жақсы қолдау тапты. Ұлт­тық киім кию оқушыларға ұнайды, – дейді апайым.
            Ұлттық киімнің өзіндік әдемілігі бар. Анам маған әдемі қамзол тігіп берді. Сол қамзолды әр жұма сайын көйлектің сыртынан киіп барамын. «Осындай бастама өзге мектептерде де болып жатса құба құп» дейді анам.
Айсана Бақытқалеева,
№10 мектептің оқушысы.
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!