Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Ақылды жаяу жүргінші»

Дата: 17.10.2023 Рубрика: По родному краю
178
0
«Ақылды жаяу жүргінші»

Жеңіс саябағында жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін «Ақылды жаяу жүргінші» шарасы өтті. Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелері – бұл көлік құралдары жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің міндеттерін реттейтін ережелер жиынтығы.
Қостанай қалалық ІІБ патрульдік қызметтің аға лейтенанты Шерхан Досмағанбетов жол қозғалысы ережелері туралы айтып, жол қозғалысы реттеушісінің жұмысына тоқталып, жол қозғалысы реттеушісінің сигналдарын көрсетті. Жүргізуші оқушыларға жол қозғалысы ережелері сақтаудың маңыздылығын айта отырып, викторина сұрақтары, сөздік ойыны және ашық ауада «Автобустар» ойынын өткізді.
Іс-шарада «Қызық жаяу» кітап көрмесі ұйымдастырылып, осы тақырып аясында жарқын суреттер мен танымдық ақпараттар бар кітаптар ұсынылды. «Школа пешеходных наук» кітабы балаларды жолда жүру ережелерімен таныстырады. «Велосипедистам о безопасном дорожном движении» кітабы барлық жастағы барлық велосипедшілер үшін пайдалы.
Оқушылар жолда жүрудің негізгі ережелерін еске түсіріп, бекітті. Ең бастысы өмірлерін негізсіз тәуекелге ұшыратпауы керек екенін түсінді. Жол қозғалысы ережелерін сақтау және жолда сақ болу – тәртіпке жатады.
Шахсенем Хакимова,
«Киевский» кітапхана-филиалы.
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!