Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Дала деректері

Дата: 17.10.2023 Рубрика: По родному краю
178
0
Дала деректері

            Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының хабарлауынша Торғай археологиялық отрядының жұмысы шеңберінде Қызыл Жұлдыз геоглифі зерттелді. Бұл тоғыз үйіндіден тұратын, диаметрі 45 метрлік шеңбер. Жер үсті үйінділерінің биіктігі 20 см.дейін, зерттелген үйінділердің әрбірінен тас қоршаулары табылған, олардың үшеуі бос болып шықты. Шамасы, жерлеу-рәсімдік мақсаты болған сияқты. Ал, қорғандардың бірінде қос жерлеу анықталды, жерленгендердің басы оңтүстікке қарай қаратылған.
            Меніңше, бұл Арқалық қаласы түбіндегі Қайыңды ауылдық округі құрамындағы Қызылжұлдыз ауылы. Мен үшін қызықтысы геоглиф тақырыбы және мұндағы қорған, жалпы, геоглифтер туралы мәліметтеріміз өте аз, өңірімізде ұзын саны 300 геоглиф бар.
            Ал, фотода Қостанай облысы Торғай өлкесі Батпаққара жерінің Ағаштыкөл ауылы жанындағы геоглиф, фотоға түсірген Мақсат Елібай Геоглиф жанында Ағаштыкөл ауылын көруге болады, ал, өрнек ортасында тұрған біздер, атауы Торғай свастикасы, фото 2023 жылдың жазында түсірілді.
Амандық Әмірхамзин,
өлкентанушы.
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!