Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тарихи жәдігерлер

Дата: 10.10.2023 Рубрика: По родному краю
199
0
Тарихи жәдігерлер
            Мұражай қай уақытта да бабалар мұрасын, рухани асыл-қазынасын әсем қолөнерлік, тарихи ескерткіштерін болашақ ұрпаққа жеткізіліп отыратын қасиетті шаңырақ. Адам баласының қолымен жасалып, жинақталған тарихи-мәдени мұралар - мәдениеттің асыл қазынасы, бастау алар бұлағы. Бұл байлықтарымыз қасиетті мұражайдың қара шаңырағында қызғыштай қорғалады, болашақтан-болашаққа аманат ретінде жете беретін болады.
            Музейдің негізгі құндылығы – оның жәдігерлері. Музей қорын толықтырудың көптеген жолдары мен әдістері бар. Солардың бірі — «Музейге сый» акциясы. Бұл акцияның негізгі мақсаты – ұлттық тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару, ел арасында елеусіз жатқан тарихи маңызы бар құнды дүниелерді, жинақтау, кәсіби тұрғыда сақтау, көпшілік назарына ұсыну.
            Жылдың басынан бастап жүргізіліп келе жатқан акция аясында музейге сый жасаған жомарт жандар аз емес , солардың бірі Торғай ауылы тұрғыны, мәдениет саласында көп жылдар бойы еңбек еткен зейнеткер Кәрімова Рыскүл анамыз өз қолымен тоқыған тақыр кілемдерді музей қорына сыйға тартты. Музей қоры тағы бір құнды жәдігермен толықты. Тарихи жәдігерлер жастарға өлкемізді тануға көп әсер етерін білеміз.

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!