Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Өр Алтайдың жазушысы

Дата: 10.10.2023 Рубрика: По родному краю
165
0
Өр Алтайдың жазушысы
            Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі, төл әдебиетімізде өміршең өрнек қалдырған талантты жазушы, драматур Оралхан Бөкейдің 80 жасқа толуына орай Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы “Алтайдың асқақ жыршысы” атты кітап көрмесі жасақталып қалын оқырманға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат берілді.
            Оралхан Бөкейдің көркем әлемі – мәңгілік аңсарлы әлем. Экэюпери – аспан әлемін, Кавабата – Фудзияманы, Джером Сэлинджер – бозбалалар әлемін қалай дүние оқырмандарының аңсарына айналдырса, Оралхан Бөкей – Алтайды, Өр Алтайды сондай нысаналық бейнеге айналдырды. Оның шығармаларындағы Алтай – тек алыстан ағараңдап, бір шөкім бұлт құсап бұлаңдаған Ақсөре (Мұзтау) ғана емес, ол – иман мен адамгершіліктің, пәктік пен тазалықтың, жігер мен ерліктің, өрлік пен еркіндіктің Ақсөресі – өлшемі болды. Оның барлық кейіпкерлері үнемі сол шыңға ұмтылу, жету жолындағы арпалыста суреттелуінің астары сонда. Тіпті құм мен теңіз туралы туындыларының өзінен де Алтай мен Ақсөренің рухы танылып, кейіпкерлері биікке ұмтылып тұрады. Ол өзінің жеке өмірінде де, шығармаларында да Алтайды жырлап өтті және санасы мен кеудесін керген Алтайға деген сол сағынышы басылмай кетті. Алтай – Оралхан Бөкейдің жалғыз ғашығы, жалғыз және ең басты кейіпкері болып қалды.
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!