Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ұстаз – ұлағат иесі

Дата: 10.10.2023 Рубрика: По родному краю
201
0
Ұстаз – ұлағат иесі

            Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінде ұстаз-жазушы Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл толуына орай «Ұстаз – ұлағат иесі» атты көрме ашылды. Ағартушы Ы.Алтынсарин Спандияр Көбеевтің мектепке барып білім алуына тікелей себепкер болды.
            Музей экспозициясына сол жылдардан сыр шертетін С.Көбеевтің жеке заттары мен құжаттары қойылды. Көрмеден кейін С.Көбеевтің шығармашылығы мен педагогикалық шеберлігін ашатын танымдық кеш жалғасын тапты.
            Кешке С.Көбеевтің ұрпақтары және белгілі Ы.Алтынсарин медалінің иегері Биалаш Сүйінкина, педагогикалық ғылымдарының кандидаты Назгүл Айдыналиева, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының бөлім басшысы Кенжеғали Бимағанбетов, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ұстаздары мен студенттері қатысты. Іс шара барысында Спандияр Көбеевтің өзі тұтынған құнды жәдігерлердің қыр-сырына қанығып, С.Көбеевтің шығармашылығының зерттелуі жөнінде мағлұматтармен танысты.
            Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 7 сынып оқушылары ұстаз әңгімелерінің желісі бойынша дайындаған театрландырылған көріністерін ұсынып, 24 мектеп-гимназия оқушылары С.Көбеевтің өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!