Науырзым қорығы – қазынам
Дата: 03.10.2023 Рубрика: По родному краю
0
173
0
Бүкіләлемдік туризм күніне орай, Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының Экология ағарту бөлімінің мамандарымен "Науырзым қорығы – қазынам менің, байлығым!" тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Науырзым ауданының Балалар шығармашылығы үйінің" "Жас эколог", "Жас туристер станциясы" үйірмелерінің оқушылары қатысқан іс-шараның мақсаты: оқушылардың туризммен және өлкетанумен айналысу барысында туристік іскерліктері мен дағдыларын дамыту, отансүйгіштік, дене және эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, ерік-жігері мен адамгершілік қасиеттері, ұжымшылдық, бастамашылық сезімдерге тәрбиелеу. Іс-шара Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының Келу орталығында танымдық экскурсиядан бастау алып, Орталық кеңсе алаңында өткізілген квест ойынымен жалғасын тапты.
"Бүркіт" және "Арыстан" болып екі топқа бөлінген оқушылар квест ойынын ойнау барысында алдарына қойылған кедергілердің бәрінен мүдірмей өтіп, шапшаңдықтарын, ойларының ұшқырлықтарын таныта білді. Алдарына қойған мақсатқа жету жолында оқушылармен сөзжұмбақтар шешілді, сыр сандықтың ішіндегі кездейсоқ әріптерден құпия сөздер де құрастырылды, бұталардың арасына жасырынған қағаз қалташалардағы тапсырмалар да орындалды. Белсене қатысқан оқушыларға мадақтама қағазы мен кішігірім ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

Комментарии