Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Туған жер тарихы

Дата: 19.09.2023 Рубрика: По родному краю
188
0
Туған жер тарихы
            Арқалық-Торғай тас жолынан жарты шақырымдық, Тәуіш ауылынан үш шақырымдық жерде ескерткіш орнатылған.
Ол жерде «1916» деген сандарды айқын көруге болады. Яғни бұл Татыр көлінің жанында болған шайқас уақытын көрсетеді.
            Амангелді мен Жангелдин аудандары арасында орналасқан Татыр көлінде Амангелді Иманов бастаған сарбаздар Торғайдан келген патшаның жазалаушы отряды арасында алғашқы ірі шайқас өткен болатын. Бұл шайқаста көтерілісшілердің қысымына төтеп бере алмаған жазалаушы отряд артқа шегініп, Торғайға қайтуға мәжбүр болды. Куәгерлердің айтқан деректері бойынша Татыр көлінің маңындағы шайқаста жүз мың қазақ төрт мыңнан астам жазалаушы отрядтың әскерлерімен шайқасқан. Татыр шайқасы кезінде Амангелді Имановтың әскери көшбасшылық қабілеті көрінген болатын. Олар жауға тойтарыс беру үшін Татыр көлінің жағасында қалың қамысқа жасырынып күтіп, алаңсыз жақындап келе жатқан патша әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасап, оларды талқандап жеңген болатын. Бұл шайқас туралы жаңалықтар бүкіл қазақ даласына жайылып, Амангелді Иманов пен 1916 жылғы көтеріліске қатысып, ерлік көрсеткендердің есімі халық арасында үлкен беделге ие болды. Жалпы бұл қанды шайқас «Татыр соғысы» деген атпен тарихқа енген болатын. Ал жол бойында орналасқан ескерткіш жерімізде болған ұлт-азаттық шайқаста жеңіс үшін қаны төгілген көптеген сарбаздардың рухына арналып салынған.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!