Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Үздік оқушы

Дата: 30.03.2021 Рубрика: Патриот
978
0
Үздік оқушы

Қостанайлық 8-сынып оқушысы «Жібек жолы» XX Халықаралық математикалық олимпиадасының қола медаль иегері!

9-10 наурызда қашықтық форматта XXXIII Азия-Тынық мұхиты математикалық Халықаралық қашықтық олимпиадасы (АТМО) және «Жібек жолы» XX Халықаралық математикалық олимпиадасы (ЖЖМА) өтті. Бұл математикадан жүйрік дарынды оқушылардың зияткерлік сайысы.

Олимпиадаға қатысуға математика пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ғана жіберілді. Мамандандырылған және инновациялық мектептерінің 5 оқушысы Қостанай облысымыздың намысын қорғады.

«Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Жан Даутов «Жібек жолы» XX Халықаралық математикалық олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Жан мен оның ұстазы, математика пәнінің мұғалімі Дарын Сейдуалыны лайықты табыспен құттықтаймыз!», - деді облыстық білім басқармасы өкілдері.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!