Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ұлыстың ұлы күнінде

Дата: 30.03.2021 Рубрика: Патриот
506
0
Ұлыстың ұлы күнінде

Біздің №15 мектебімізге «Станционный» кітапхана-филиалының кітапханашылары қонаққа келіп, Наурыз мерекісіне арналған «Әлемде біздің ән мен аңыздан қадірлісі, әрі әдемісі жоқ» атты іс-шара өткізді.

Кітапханашы Ұлыстың ұлы күні – ата-бабаларымыз ежелден мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі жайлы айтып берді. Сонымен қатар қазақ отбасында баланың дүниеге келуіне байланысты ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері «Шілдехана», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару» дәстүрлері жайлы айтып, көріністер көрсетіп берді.

Біздердің қатысуымызбен «Алдаркөсе мен тоңғақ бай» атты ертегі хикаясынан үзінді көрніс көрсеттік. Көріністе мен Сапабек Мақсат байдың ролінде ойнадым, ал Алдаркөсе ролінде Тұрғынбай Аңсаған ойнады. Кеш соңында бата беріліп, шашу шашылды. Бізге іс-шара өте қызықты өтіп, ұнады. Мен 5 «ә» сынып оқушылар атынан кітапханашы апайларға үлкен алғыс айтамын.

Мақсат Сапабек

5 «ә» сынып оқушысы.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!