Ыбырай ата жолымен
Қостанайда ұлы ұстаз Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы мен Ы.Алтынсарин музейінің 30 жылдық мерейтойына орай "Ыбырай музейіне саяхат" арнайы жобасы өз жұмысын бастады. Әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы онлайн-экскурсия жүргізіліп тұрады. Осы жобаны іске асыру мақсатында музей қызметкерлері Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылының орта мектебімен бірнеше тақырыптар бойынша онкүндік өткізілуде.
Осы онкүндік барысында «Ыбырай Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі» онлайн сабақ-экскурсиясы өтті. Оқушылар «Қырғыз хрестоматиясы» әңгімелері негізінде сурет салып, қиялдарын қылқаламмен жеткізе білді. Бұл байқау 5 сынып оқушылары арасында өткен еді. Сонымен қатар шығармаларын мәнерлеп оқып, ұстаз туралы бейнеклиптер байқауы 7-8 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.
Осы онкүндік оқушыларға ағартушының өмірін жақын білуге, өмірі мен еңбектерімен таныс болуға бастамашы болды. Олар ерекше белсенділік таныта білді. «Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы» презентация байқауы, эссе жазу, оның шығармашылығына негізделген кітап тіркемелерінің және М.Симашконың «Қоңырау» кітабы бойынша конкурс та өткен еді. Осылайша біздер оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармашылығымен етене таныстырдық. Танымдық қызығушылықтарын ынталандырып, олардың жан-жақты дамуына ықпал етіп, өз бетінше ақпарат іздеуге бастадық. Мұның бәрі бала қиялына қанат бітіріп, ұлылардың еңбегімен танысуға деген қызығушылықты оятуға мүмкіндік береді, - дейді музей қызметкері Балдырған апай.
Комментарии