Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Талаптыға нұр жауар

Дата: 16.02.2021 Рубрика: Патриот
458
0
Талаптыға нұр жауар

Арқалық қаласы Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының 7-қазақ сыныбының оқушысы Шайкамол Жанболат бойына біткен дара ерекшелігі, ақындық өнерге деген қызығушылығымен мектебіне талай рет жүлде алып беріп жүрген үлгілі оқушылардың бірі. Мектепішілік, қалалық дебат яғни, сөз жарыстарына, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, басқа да пәндік, қоғамдық жарыстарда танымал болып үлгерген, үздік оқушылардың қатарынан танылды.

Жанболат – сан қырлы дарын иесі. Биология пәнінен ғылыми жоба қорғау сайысында қала, облыс көлемінде І орын иеленген, «Жасұлан» қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығы жанынан құрылған «Дарын» дебат клубындағы сайыстарда «Үздік спикер» атағы тағы бар, «Үздік гимназист-2019» байқауының «Интеллектуал» номинациясы бойынша жеңімпазы болған, атап айта берсек өте көп.

Жанболаттың ерекше қырын айтқым келеді. Кішкене кезінен өлең шығаруды ермек еткен оқушы, мектепішілік, қалалық түрлі байқауларда өзінің авторлық өлеңдерімен танылды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Абай оқулары» байқауының «Жүйріктен - жүйрік озар» номинациясы бойынша мектепішілік, қалалық кезеңдерде өзінің арнауларымен бірнеше рет жеңімпаз атанып жүр. «Қостанай дарыны» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай өткізілген авторлық өлең оқу байқауында өзінің жүрекжарды жыр шумақтарын оқып, көпшіліктің көңілінен шығып,78 қатысушының арасынан оза шауып, І орын жеңімпазы атанып, баршамызды қуантты. Бұл жеңісі оқушымның мықтылығын тағы бір дәлелдегені болды, - дейді ұстазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ерсін Қоңыршина.

Жанболаттың еңбекқорлығы мен елгезек мінезі,ізденгіштік қасиеті, еш қиындықтан мойымайтын табандылығы, бәрі де болашақта жеңіске жетуіне зор ықпал етері сөзсіз. Жанболаттың осы дарындылығы басқа балаларға да үлгі болса екен дейміз.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!