Ұлттық киім - ұлттың абыройы
Ұлттық киім – ұлттық болмысымыз. Қазақ халқының қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Ерте заманнан осы күнге дейін өзінің қадыр қасиетін жоймай, қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де ерекше.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өркендеу» жобасын іске асыру шеңберінде қазақ ұлттық киім үлгілерін насихаттау мақсатында мектепте аптаның бір күні - жұма күні «Қазақ ұлттық киім күні» деп жарияланды.
-Бұл бастаманы толығымен қолдаймыз. Ұстаздар менн оқушылардың, тіпті мектептке дейінгі тәрбиеленушілердің ұлттық киіммен жүргенін көргенде ерекше бір сезімді бастан кешіресің. Кішкентай кезінен ұлттық киімді киіп өскен баланың бойында ұлтқа деген патриоттық сезім қалыптасады. Еліне, жеріне деген құрметі де арта түспек. Осындай игі істер жалғасын тауып, келешек ұрпақ ұлттық өркениетімізді дамытуға үлесін қосса нұр үстіне нұр болар еді, - дейді Рыспай негізгі орта мектебінің математика пәні мұғалімі Фарида Есімхан.
Комментарии