Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Білім – болашақтың кілті

Дата: 08.09.2026 Рубрика: Патриот
6
0
Білім – болашақтың кілті
Ыбырай Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейінде Білім күніне және ұлы ағартушының туғанына 185 жыл толуына орай «Білім – болашақтың кілті» атты мерекелік сабақ өтті.
Танымдық шараға Қостанай қаласындағы №14 негізгі орта мектебінің оқушылары қатысып, жаңа оқу жылын музей төрінде ерекше көңіл күймен бастады. Сабақтың алғашқы бөлігінде оқушыларға қазақтың тұңғыш педагогі, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ұстаздық жолы туралы қысқаша мәлімет берілді. Балалар Ыбырай атамыздың қазақ даласында мектеп ашып, балаларды білім алуға шақырғаны, оқу-ағарту ісіне өлшеусіз үлес қосқаны туралы мағлұмат алды.
Ұлы ұстаздың «Кел, балалар, оқылық!» өлеңіндегі білімге деген құштарлық идеясы бүгінгі жас ұрпақ үшін де маңызын жоғалтпағаны айтылды. Оқушылар Ыбырай шығармалары арқылы білімнің адам өміріндегі орнын, еңбектің қадірін және жақсы қасиеттерді бойға сіңірудің маңызын түсінді.
Мерекелік сабақтың екінші бөлігінде балаларды қызықты ойындар мен танымдық тапсырмалар күтті. Оқушылар мектеп құралдарына байланысты жұмбақтар шешіп, өздерінің тапқырлықтарын байқатты. Сонымен қатар зейін мен есте сақтау қабілетін дамытуға арналған сайыстарға қатысып, шапшаңдықтарын сынады.
Түрлі танымдық сұрақтарға жауап берген оқушылар білімдерін ортаға салып, бір-бірімен жарыса жауап берді. Көңілді ойындар мен қызықты тапсырмалар балалардың белсенділігін арттырып, мерекелік шараны одан әрі жандандыра түсті. Шара барысында оқушылар білімнің тек жақсы баға алу үшін емес, өмірде өз жолыңды табу, арманыңа жету және қоғамға пайдаңды тигізу үшін қажет екенін түсінді.
– Білімді ұрпақ – елдің болашағы. Сондықтан әрқайсымыз жақсы оқып, ізденіп, жаңа нәрсені үйренуге талпынуымыз керек, – деген ой балалардың әңгімесінде жиі айтылды. Мерекелік сабақ көтеріңкі көңіл күйде өтіп, оқушыларға жақсы әсер қалдырды. Балалар музейдегі тағылымды кездесуден Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы жаңа деректер біліп, ұлы ұстаздың білім жолындағы еңбегіне тағы бір мәрте көз жеткізді.
Ыбырайдың қоңырауындай сыңғырлаған білім үні әр баланы ізденіске жетелесін! Жаңа оқу жылы оқушылар үшін жаңа білім, жаңа достық пен жарқын жетістіктерге толы болсын!

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!