Ерлік пен патриотизм мектебі
Дата: 12.05.2026 Рубрика: Патриот
0
9
0

Қостанай облысында Отан қорғаушылар күніне орай «Батырлар рухы-2026» атты әскери-патриоттық жиын өтті. Ауқымды іс-шара өңір жастарын бір арнаға тоғыстырып, олардың бойындағы отансүйгіштік қасиетті нығайтуға бағытталды.
Жиынға әскери-патриоттық клубтардың мүшелері, жоғарғы сынып оқушылары мен колледждердің бірінші курс студенттері қатысты.
Бұл жиын жай ғана жарыс емес, нағыз өмір мектебі болды. Қатысушылар өздерінің дайындығын, төзімділігін, білімін және командалық бірлігін сынға салды. Іс-шара Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің әскери кафедрасы мен облыстық білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып, оған тәжірибелі мамандар жетекшілік етті.
Жарыстың алғашқы күні «Золотой фазан» демалыс базасында басталды. Қатысушылар тіркеуден өтіп, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық алды. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін командаларға маршруттық парақтар таратылып, негізгі кезең – 7-10 шақырымдық марш-бросок басталды. Табиғи кедергілерге толы бұл бағыт қатысушылардан үлкен дайындық пен табандылықты талап етті.
Жол бойында командалар түрлі сынақтардан өтті. Олар карта бойынша бағдар алып, су кедергілерінен өтіп, «миналы алаңды» еңсерді, қарумен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Сонымен қатар, тактикалық медицина кезеңінде алғашқы көмек көрсету әдістерін меңгеріп, барлау мен жасырыну элементтерін орындады. «Мерген» кезеңінде дәлдік сыналса, дрон басқару тапсырмасында заманауи технологияларды игеру қабілеттері бағаланды.
Жарыс барысында командалардың ұйымшылдығы мен бірлігі ерекше байқалды. Әскери логистика мен кедергілер жолағында олардың үйлесімді әрекеті, жылдамдығы мен төзімділігі сыналды. Негізгі кезеңдерден кейін қатысушылар шығармашылық байқауларға да қатысты. Әскери-патриоттық әндер орындап, далалық жағдайда ас әзірлеп, лагерь ұйымдастыру арқылы өздерінің жан-жақты қабілеттерін көрсетті. Капитандар сайысында командалардың көшбасшылары өз шеберліктерін дәлелдеді.
Екінші күні жарыс қорытындыланып, үздіктер анықталды. Қазылар алқасы командаларды уақыт, дәлдік, тәртіп және жалпы дайындық деңгейі бойынша бағалады. Салтанатты марапаттау рәсімінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер құрметке ие болды.
«Батырлар рухы – 2026» жиыны жастар үшін үлкен тәжірибе алаңына айналды десе де болатындай. Бұл шара олардың бойында жауапкершілік, тәртіп, төзімділік сияқты қасиеттерді қалыптастырып қана қоймай, әскери қызметтің маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақты Отанды сүюге, елін қорғауға дайын болуға тәрбиелейді. «Батырлар рухы – 2026» – болашақ қорғаушыларды шыңдайтын, рухты көтеретін маңызды мектеп екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ева МОЙКО, жас тілші. Рудный қаласы

Комментарии