Талпынысының жемісі
Дата: 25.11.2025 Рубрика: Патриот
0
44
0

Ақмола облысының Щучинск қаласында оқушыларға арналған «Ақберен» республикалық өнер байқауы өтті. «Ақберен» – ұлттық рухты көтеріп, патриоттық сезімді оятуға, сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті арттыруға және елдің мәдени мұрасына құрмет қалыптастыруға бағытталған дәстүрлі жоба.
Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен жүзге жуық дарынды оқушы қатысты. Қостанай облысының намысын Жангелдин ауданы мен Арқалық қаласынан, сондай-ақ Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатынан алты оқушыдан құралған команда қорғады.
Жангелдин ауданы білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 10-сынып оқушысы Ниязбек Таңжарық «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша құрметті екінші орынға ие болды. Бұл жетістік оның дарынды екенін және сөз өнеріне деген талпынысының жемісі екенін айқын дәлелдеді.
Байқаудың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар мен арнайы дипломдар табыс етілді, ал жеңімпаздар Қазақстанның әр өңірінде өтетін мәдени шараларда өз өнерлерін таныстыруға мүмкіндік алды.Қостанай облысының оқушыларының осындай республикалық деңгейдегі жарыста жетістіктерге жетуі – өңірдің білім беру және мәдени даму саласындағы табысты көрсеткіші.

Комментарии