Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Орманды сақтайық, балалар!

Дата: 09.09.2025 Рубрика: Патриот
59
0
Орманды сақтайық, балалар!
Орман – жердің өкпесі. Ол бізге таза ауа, салқын сая, әдемі көрініс сыйлайды. Әрбір ағаш – табиғаттың қазынасы.
Бірақ соңғы жылдары орман өрттері жиілеп, табиғатқа үлкен зиян келтіріп отыр. Орман өртенсе, оны қалпына келтіру үшін ондаған жылдар қажет. Сондықтан әрбіріміз табиғатты қорғауда жауапты болуымыз керек. Мұны қорық мамандары да ескертеді. 
Наурызым мемлекеттік қорығы – Қазақстандағы ең көне қорықтардың бірі. Ол Қостанай облысының Наурызым және Әулиекөл аудандары аумағында орналасқан. Қорық 1931 жылы құрылып, ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық резерваттар тізіміне енгізілген. Мұнда сирек кездесетін жануарлар мен құстар мекендейді. Дала қыраны, бүркіт, қоқиқаз сияқты құстар және ақбөкен, елік сынды жануарлар қорықтың байлығын құрайды. Сонымен қатар, қорық ормандарында әдемі қарағайлар өседі, көлдері мен шалғындары ерекше көрініс береді.
Наурызым мемлекеттік қорығының мамандары балаларға және ауыл тұрғындарына үнемі ескерту жасап келеді. Орманда от жағуға болмайды. Шөлмек пен әйнек қалдықтарын тастамау керек, себебі ол күннің қызуынан өрт шығарады. Шылым қалдығы мен сіріңкені тастау да өте қауіпті. Орманға барған кезде қоқысты жинап, табиғатты таза ұстау қажет.
Қорық аумағы – әдемі қарағайлар мен түрлі жануарлардың мекені. Мұнда құстардың ұясы, аңдардың үйі бар. Егер өрт шықса, олардың барлығы зардап шегеді. Орманды қорғау – табиғатты қорғау, өз болашағымызды сақтау деген сөз. Әрбір ағаш – біздің досымыз, әрбір орман – келешек ұрпаққа қалатын қазына.
Өрт қаупі маусымына сәйкес, орман және дала өртінің алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстар жүргізіліп, үнпарақтар үлестірілді. Мамандар орман ішін тәулік бойы бақылап, өрттің алдын алу шараларын күшейтіп отыр.
Балалар, есіңізде болсын, табиғат – біздің ортақ үйіміз. Орманды қорғау – өз болашағымызды қорғау. «Орман өртенбесін, табиғат түлесін!» деген ұранды әрқайсымыз жүрегімізде сақтауымыз керек.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!