Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Балаларға сыйлық

Дата: 10.06.2025 Рубрика: Патриот
69
0
Балаларға сыйлық
1 маусым – Балаларды қорғау күні Рудный қаласындағы балалар үйі үшін ерекше мерекеге айналды! Бұл күні балалар тек тәттілер мен ойыншықтар ғана емес, үлкен армандарын жүзеге асыруға көмектесетін тамаша сыйлық алды.
QC HOLDING құрылыс компаниясы балалар үйіне бір миллион теңгенің музыкалық аппаратурасын сыйға тартты! Бұл – балалар мен тәрбиешілердің сұранысы бойынша арнайы таңдалған өте қажетті құралдар.
Балалар бұл сыйлыққа өте қуанышты! Себебі олар ән айтқанды, аспаптарда ойнағанды, өз концерттерін ұйымдастырғанды жақсы көреді. Ал бұрын қолданған музыкалық құрылғылар ескі болып қалған еді. Енді жаңа микрофондар, дыбыс күшейткіштер мен колонкалармен сахнада өнер көрсету одан да қызықты болады!
 «Біздің компания балалар үйіне де, қаланың көркеюіне де үнемі қолдау көрсетіп келеді. Бұл жолы да таңдауды өздеріне қалдырдық. Ұжым музыкалық аппаратура қажет екенін айтты. Қолданып жүрген құралдар тозығы жетіп, ауыстыруды қажет етті. Сондықтан біз сертификат табыстадық. Мұның бәрі әр баланың тұлға болып қалыптасуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға үлкен көмек болады деп сенеміз. Алдағы уақытта да балалар мен қоғамға қолдау көрсетуді жалғастыруға дайынбыз», – дейді QC HOLDING компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Айза Аблаким.
Компания басшылары балалардың сұранысын мұқият тыңдап, қандай құрал қажет екенін өздерімен бірге анықтаған. Музыкалық аппараттар Алматыдан арнайы тапсырыспен әкелініп, тікелей балалар үйіне жеткізілетін болды.
«Музыканы жақсы көретін балаларға шабыт сыйлау – біз үшін үлкен қуаныш. Біз әрқашан осындай игі істерге дайынбыз. Балалар – біздің болашағымыз. Олар өздеріне сенімді болып өсуі керек», – деді QC HOLDING компаниясының бас директорының орынбасары Максим Беспалов балаларды мерекемен құттықтай отырып. 
Сонымен қатар компания балаларға арналған қызықты кітаптар, қолөнер сабағы, спорттық жарыстар сияқты түрлі шаралар ұйымдастырып тұрады. Қыз балалар тігін мен кесте тігуді, ал ұлдар футбол мен басқа спорт түрлерін үйреніп жүр.
Балаларға арналған үлкен мерекелік концерт, ойын-сауық бағдарламасы мен арнайы аттракциондар ұйымдастырылды. Қостанайдан келген ойын құрылғылары аулаға орнатылып, балалар күні бойы ойнап, мәз-мейрам болды!
Балалар үйінің директоры Павел Коваль компания ұжымына алғыс айтып, арнайы Алғыс хат табыстады.
Рудныйлық балалар жаңа музыкалық құрылғылармен жаңа әндер айтып, би билеп, шығармашылықпен айналысады. Олардың жүздеріндегі күлкі мен көздеріндегі қуаныш – бәрінен қымбат!
Рудный қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!