Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Іздей салған ізбенен…

Дата: 22.04.2025 Рубрика: Патриот
183
0
Іздей салған ізбенен…
Тарих – ел жадындағы мәңгілік сабақ. Әр буын өз заманындағы дара тұлғаларды танып, олардың ізгі істерінен үлгі алуы тиіс.
Осындай өнегелі тұлғалардың бірі – менің ауылымда туған, елінің елеулі азаматына айналған Іздей Мұхамбетжанұлы.
Мен бұл кісінің өмір жолын зерттей жүріп, жүрегі елім деп соққан нағыз ұлт жанашыры екенін ұқтым. Ол – ұстаз, жазушы, майдангер, қоғам қайраткері. Осындай аяулы азамат жайлы замандастарым көп біле бермейтіні мені ойландырды. Сондықтан оның еңбегін елге, әсіресе жас буынға кеңінен таныстыруды мақсат еттім.
1942 жылы небәрі жиырмадан енді асқан Іздей атамыз ел басына күн туған шақта Аманкелді ауданынан 369 боздақпен бірге майданға аттанады. 167-атқыштар дивизиясы құрамында жаумен шайқасып, ауыр жарақат алады. Жарақатынан айыққан соң да ұрыс даласына қайта оралып, кіші лейтенант шеніне дейін көтеріледі. Елге 1946 жылы аға лейтенант атағымен оралған. Соғыстан кейін де Іздей атамыз елге аянбай қызмет етеді. Мәскеудегі Крупская атындағы педагогикалық институтта білім алып, алғашқы жоғары білімді ұстаздардың біріне айналады. Алматы мен Торғай өңірінде партия-идеология саласында, кейін мектеп директоры ретінде де талмай еңбек етті. Арқалықтағы қазақ мектебінің ашылуына себепші болды. Ауылға оралып, Жаңа ауыл мектебінде 17 жыл ұстаздық еткен.
Ол кісінің естеліктері мен зерттеулері – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес мұра. Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс жайлы шынайы деректерді жинап, шежірелі тарихты хаттап кеткен жан.
Іздей Мұхамбетжанұлы – ҰОС медальдары, «Қазақ ССР-інің халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Еңбек ардагері», «Тың жерлерді игергені үшін» марапаттарының иегері.
Осындай жанның есімі ел жадында қалуы тиіс. Үрпек ауылындағы бір көшеге атамыздың есімі берілсе, бұл – жас ұрпаққа тағзымның, тарихқа құрметтің белгісі болар еді. Мен өз тарапымнан атамыздың өмір жолын замандастарыма таныстыру үшін мектепте кездесулер өткізіп, баспасөз бетіне осы зерттеуімді жолдауды жөн санадым. Себебі тарих – бізден басталмаса да, ұмыт болмауы үшін біз жалғастыруымыз керек. Бұл Ұлы Жеңістің 80 жылдығында атамызды еске алып, тағзым етудің бір жолы деп білемін. 
Маржан Ералханқызы, 
Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы. 
Үрпек ауылы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!