Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қазақтың Бейімбеті

Дата: 26.11.2024 Рубрика: Патриот
284
0
Қазақтың Бейімбеті
Биыл қазақтың көрнекті жазушысы, ұлт әдебиетінің алыбы, драматург, журналист Бейімбет Майлиннің 130 жылдық мерейтойы. Би-аға – Алаш жұртының асыл тұлғасы, жерлестерінің мәңгілік мақтанышы. Оның шығармалары ұлттың әлеуметтік-мәдени мәселелерін, халықтың тұрмыс-тіршілігін шынайы бейнелеп, халық арасында терең із қалдырды. Жазушының шығармашылығы қазақ әдебиетінде жаңа бағыттардың пайда болуына әсер етті. Жазушының есімін ұлықтау мақсатында Рудный қаласындағы Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп ұжымы жастар арасында  «Бейімбет оқулары» өңірлік байқауын ұйымдастырды.  
Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына орай Би-аға атындағы №7 мектеп-гимназиясы қаламгердің шығармаларына арналған әдеби сынып сағаттары, зияткерлік сайыстар өткізген. 
«Енді әдеби бағытта ЮНЕСКО көлемінде оқушылар арасында Би-ағаның шығармалары бойынша буктрейлер сайысы өтеді. Бүгінгі таңда мектеп ЮНЕСКО клубының мүшелігінде. Сондай-ақ, Қостанай облысы бойынша өкілеттілігі біздің мектепке берілген. Бұл мектеп тарапынан жасалып жатқан іс-шаралардың бір бөлігі. Облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Мектеп қабырғасында «QС Holding» компаниясының демеушілігімен «Бейімбет оқулары» болды. Мұндай іс-шаралар жалғасын табады. Би-аға мектебінде «Бейімбеттану» кабинеті бар. Білім ошағында 1-11 сынып аралығында «Бейімбеттану» сабақтары жүргізіледі. Мұражай жасақталған. Би-ағаның шығармасын, өмір жолын насихаттау жолында әрі қарай қызмет ететін боламыз», – дейді Рудный қаласындағы Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының директоры Қымбат Бірманова.
 «Бейімбет оқулары» байқауына бас-аяғы 172 оқушы тіркелген. Олардың барлығы алғашқы кезеңнің сұрақтарына жауап беріп, екінші кезеңге 45 оқушы жолдама алыпты.. 
Бірінші турда бір сағат ішінде қатысушылар 2 ай бұрын жарияланған Бейімбет Майлиннің 8 шығармасы бойынша 60 сұрақтан тұратын тестке жауап берген. Екі айдың ішінде 8 кітапты оқу мүмкін болмайды деп ойласаңыз қателесесіз. Себебі Бейімбет Майлиннің шағармалары қысқа әрі жеңіл оқылады. Балалар үшін керегі дәл осы!
Қатысушылар «Шұғаның белгісі», «Айт күндері», «Күлпаш», «Талақ», «Түйебай», «Әже», «Даудың басы - Дайрабайдың көк сиыры» және «Қара шелек» әңгімелерін оқыған.  Екінші турда оқушылар «Түйебай» әңгімесін тақырыпқа тандап алып, 90 минут ішінде эсее жазған.
Кезеңдер барысында балалар Майлин өмірінен қойылымды тамашалап, қызықты ойындар мен әңгімелер өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша бес қатысушыға жүлде табысталды. Үш балаға үшінші орын бұйырған. Оның біреуін №13 мектептің 10 «Ә» сыныбының оқушысы Маржан Насир иеленді. Екеуін Бейімбет Майлин ауданының оқушылары Айзере Алтай мен Ерқанат Ниязбек жеңіп алды. Ал екінші орын кеншілер қаласындағы №7 Бейімбет Майлин атындағы мектеп-гимназияның 7-сынып оқушысы Ділназ Әбдірахмановаға бұйырды. Байқауда топ жарып, бірінші орынды Рудныйдағы Міржақып Дулатұлы атындағы білім ордасының 9 «Б» сынып оқушысы Назкен Жарқынбаева жеңіп алды. Бірінші орын алған оқушы сыйға «Айфон 15 про» алып,  өзгелер де бағалы сыйлықтар алды. Өзге қатысушылар дипломдар мен арнайы «QC Read» проектінің логотибі бар брендті футболкаларға ие болған.
Аида ЯЛОВЕНКО
Рудный қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!