Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Теңге – ұлттық табыстың кепілі»

Дата: 21.11.2023 Рубрика: Патриот
97
0
«Теңге – ұлттық табыстың кепілі»
            «Западный» кітапхана-филиалында Ұлттық валюта күніне орай № 6 орта мектеп оқушыларымен «Теңге – ұлттық табыстың кепілі» атты сайыс өтті. Оқушылар тәуелсіз елдің алғашқы және ерекше символымен танысты. Іс-шараға Қазақстан Ұлттық банкінің өкілдері қатысып, олар балаларды «теңге» ұлттық валютасының пайда болу тарихымен және ерекшеліктерімен таныстырды.
             Слайдтардың арқасында балалар алғашқы теңгелер мен тиындарды көріп, ұлттық валюта дизайнерлерінің есімдерін білді, Қазақстанның естелік монеталарымен танысты. Қатысушылар екі топқа бөлініп, әр топ қойылған викториналық сұрақтар мен жұмбақтардың жауабын дұрыс тауып, грамоталармен марапатталды. Ұлттық банк өкілдері балаларға сыйлық ретінде кәде-сый монеталары табыстады. «Теңгенің шығу тарихы» туралы қысқа бейнебаянын тамашалап, «Теңге – тәуелсіздік тұмары» атты кітап көрмесімен танысты.
Гүлбақыт Исағұлова
«Западный» кітапхана-филиалының кітапханашысы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!