Ерікті боламын десеңіз...
Дата: 24.08.2020 Рубрика: Патриот
0
678
0
Волонтер ерікті негізде жүзеге асырылатын, ақшалай сыйақыны көздемейтін қайырымдылық жұмыс. «Волонтер» сөзі латын тілінен шыққан «voluntarius» – ерікті дегенді білдіреді. Көптеген елдерде ерікті қандай да бір жұмысты өтеусіз орындайтын немесе қоғамдық қызметпен айналысатын адамды айтады. Ерікті өз ісін, өз дағдылары мен уақытын қайырымды іске жұмсайды. Біздің қоғамда қазіргі жағдайда ерікті ретінде көмек көрсетіп жүрген жастар көп. Олардың ішінде әлеуметтік, мәдени, экологиялық, медициналық және спорттық еріктілер бар. Еріктілер қарттар үйіне барады, қарт адамдармен қарым-қатынас жасайды, көне үй-жайларды қалпына келтіреді, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізеді, жоғалған адамдарды іздейді, құстарға бақылау жүргізеді және ірі іс-шаралардың жұмысына көмектеседі. Біздің мектепте де волонтерлік өте кең таралған. Біздің оқушылар қайырымдылық концерттерге қатысады, эко-жұмыстар өткізеді, түрлі қайырымдылық акциялар ұйымдастырады, мектеп учаскесінде ағаштар отырғызады, қоқыс жинайды, қарт адамдарға көмектеседі. Оған барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Жастар арасындағы еріктілік - жарқын болашағымыздың кепілі.
Дарья ВАЛЬЧУК, Садчиков ОМ 10 сынып оқушысы
Дарья ВАЛЬЧУК, Садчиков ОМ 10 сынып оқушысы
Комментарии