Мамандығым – менің болашағым
Дата: 25.04.2023 Рубрика: Патриот
0
169
0
Қостанай қаласында Жастар сарайында Қостаанй облысының 9 және 11 сынып білім алушылары үшін «Менің мамандығым – менің болашағым» тақырыбында конференция ұйымдастырылды. Қостанай ауданынан Тобыл қаласының, Заречный ауылының, Садчиков, Мичуринской, Алтынсарин, Совхозный, Жамбыл, Абай мектептерінен 150 білім алушы қатысты. Ұйымдастырушы: «AMANAT» партиясының жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты. Кездесу барысында өңірдің жоғарғы оқу орындары және колледждері өздерінің оқу орындарымен таныстырды. Олар болашақта мамандық таңдау, оның маңыздылығы жайында сөз қозғап, оқушыларға бағыт, бағдар берді
Комментарии