Киелі өнер – айтыс
Дата: 07.03.2023 Рубрика: Патриот
0
734
0
Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдын да қолма-қол суырып салып айтылатын - сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырла рынан бастау алып, келе-келе ақындар - айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипат тар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл - жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсерықпал жасап отырған. Батыр және лироэпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған. Қазақ қоғамында ақынның ақын болып танылуы да тек айтыс арқылы жүзеге асқан. Көбіне-көп айтыста жеңілген ақын өткен айтысты ел арасына таратуға міндетті саналған. Сөйтіп, бір-біріне логикалық ой-жүйемен терең жымдасқан екі ақынның өлеңдері біртұтас дүниеге, қисса, дастан секілді желілі шығармаға айналған. Айтыс ақындарының ұғымында өлең белгілі бір кісіге қонатын өнер саналған. Кемпірбай, Базар, Бұдабай, Бақтыбай, Сүйінбай, Жам был тәрізді ақындар өлеңнің “киесі бар, иесі - бар” деп білген. Айтыстың негізгі салмағы да, түйіні де өмір шындығы. Өткеннен мирас болып жеткен айтыс өнерін жастар арасында қазіргі заманға сай сипатта кеңінен өріс алуына жол ашу, одан әрі дамыту мақсатында және төл теңгеміздің 30 жылдығына орай, Еңбек ауылының негізгі орта мектебінде айтыс өткізілді. Айтысқа осы мектептің 5 сынып оқушысы Какимжанов Нұрдәулет 7 сынып оқушысы Искендир Гүлназбен, 5 сынып оқушысы Ғалым Нұржау 7 сынып оқушысы Мешитбай Айыммен, 8 сынып оқушысы Жоламанова Арайлым 7 сынып оқушысы Жоламан Жанеркемен, 7 сынып оқушысы Болат Аяжан мен Аманкелды Әділет, 8 сынып оқушысы Керсин Даяна мен 9 сынып оқушысы Жоламан Аружан айтысты. Бас жүлдеге ие болған Болат Аяжан.
Комментарии