Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Туған өлке тұлғалары

Дата: 28.03.2023 Рубрика: Патриот
246
0
Туған өлке тұлғалары
«Западный» кітапхана-филиалында «Туған өлке тұлғалары» атты кітап көрмесі қойылды. Көрмеде ұсынылған материалдар қостанайлық ақын, жазушылардың, атақты еңбек ері Кәмшат апамыздың, белгілі әнші, композитор Қалибек Деріпсалдиннің еңбек шығармашылықтарын паш етіп, туған өлкенің дамуына елеулі үлес қосқан қазақ батыры А. Имановтың, Кеңес Одағының батыры С.Баймағанбетовтың ерліктерімен таныстырады. Көрмеге қойылған «Батырдың биік тұлғасы» жинағында қазақтың халық батырының ой-өрісінің кеңдігін, өз кезеңінің білікті адамы екенін айғақтайтын тың материалдар берілген. «Қостанайлықтар – еңбек ерлері» кітабы Қостанай өңірінде емес, бүкіл Қазақстан үшін нағыз үлгіге айналған адамдар туралы әңгімелейді. «Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары» энциклопедиялық жинағында Кеңес Одағының Батырларының ерлікке толы өмірбаяндары енгізілген. Қ. Деріпсалдиннің «Тобыл-Торғай әуендері», «Айлы түнде» ән жинақтарымен, Ғ. Қайырбековтың «Атамекен», «Үш қиян». С. Көбеевтің «Қалың мал» және т.б. шығармаларымен жақынырақ танысуға болады. 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!