Бес нәрсеге асық бол
Дата: 17.01.2023 Рубрика: Патриот
0
309
0
Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінде баршаның міндеті әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру. Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев «... Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген. Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлімтәрбие. Ұлы дана Абай атамыз «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінде «бес нәрсеге асық бол» деп, талапты, еңбекті, терең ойды, қанағат пен рақымды асыл істер қатарына жатқызған. Еңбек ауылының негізгі орта мектебінде білім алатын Тұрғанова Томиристің анасы қол өнермен айналысып, балаларына үйретуде.
Комментарии