Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Өнерлі жұлдыздар

Дата: 22.11.2022 Рубрика: Патриот
194
0
Өнерлі жұлдыздар
Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінде «Жұлдыз live» патриоттық әндер байқауы болып өтті. Қала мектептері бойынша жалпы саны 27 оқушы үлкен, орта, кіші топтарға бөлініп бақ сынасты. Патриоттық әндерді кеңінен насихаттауды мақсат еткен конкурста мың таланттың ішінен шын таланттар анықталды. Кіші топтан Бас жүлде – Болат Ақниет – А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия. Жетекшісі Мырзағалиева Н.А. Ортаншы топтан Бас жүлде – Нұрлыбекұлы Арман – Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебі. Жетекшісі – Жүнісов Саят Сардарұлы. Ересектер тобында Бас жүлде – Сақанова Гүлназ – Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі. Жетекшісі – Муханбетжанова Т.С. Жүлделі орын иегерлеріне білім бөлімінің басшысы атынан грамота және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Оның сыртында түрлі номинация бойынша бағаланған балғындар да бар. Қабденова Аяла – «Көрермен көзайымы», Максим Маржан – «Өнерлі жұлдыз», Исенжол Ерканат – «Талантты жұлдыз» аталымдарын иеленді. Атсалысқан барша жас жұлдыздарға Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі басшысының арнайы мадақтамасы табысталды.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!